Учаскелік қызмет:
8 (7222) 55-08-86
+7 778 003 78 46
Мамандар және диагностикалық бөлімшелер:
8 (7222) 60-10-55
+7 778 746 05 75
Анықтама телефоны:
8 (7222) 56-62-67
Сенім телефоны:
8 (7222) 52-22-58
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі:
8 (7222) 56-97-63
Қызылша ауруы жайлы не білесіз?
Қызылша – жылдам таралатын жұқпалы аурудың бір түрі. Бұл дертпен ауырған адамда бастапқы күндері дене қызуының көтерілуі, көздің қабынуы, мұрынның бітелуі және жөтелу секілді белгілер байқалады. 2-3 күн өткеннен кейін денеде бөртпелер пайда бола бастайды. Айта кететін жағдай, денеге бөртпелер шыққан уақытта түсіне аса мән беру керек. Егер де теріде қара дақ пайда болатын болса, міндетті түрде дәрігердің қабылдауына жазылу қажет. Бұл жағдай дерттің әсерінің күшті екенін аңғартады.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл аурумен ауыратындардың көбі екпе салдырудан бастартқандар екен. Негізінде қызылшаға қарсы екпе 8 айдан 14 айға дейін егіледі.
Қызылша жұқпалы ауру болғандықтан мейлінше бөлек бөлмеде ем қабылдау қажет.
Сондай-ақ, үйге қонақ шақырып, адам кіргізуге болмайды. Науқасқа күтім керек. Бастапқы күндері (дене қызуы көтерілген уақытта) төсектік режим ұсынылады.
Мамандардың мәліметінше, бұл аурумен ересектерде ауырады. Ең қиыны дертті үлкендер ауыр өткереді. Асқындырып алған жағдайда отит, пневмония, энцефалитке шалдығуы мүмкін.
Көбіне түрлі ауруларды иммунитеті төмен адамдар жұқтырады. Сондықтан да, мүмкіндігінше салауатты өмір салтын ұстанып, дәрумендер қабылдап, ауруға қарсы екпе салдырған абзалырақ.