КГП на ПХВ «Поликлиника №7 города Семей» УЗ ВКО

Регистратура:
8 (7222) 52-63-84
8 (7222) 56-62-94
Перезвонить Вам?

Перезвонить Вам?

Уважаемые пациенты!
Если Вы не дозвонились по нашим телефонам, заполните и отправьте нам Ваши данные, мы перезвоним. Только в рабочее время!













Телефоны для справок:
8 (7222) 56-62-67
8 (7222) 56-62-94

Телефон доверия:
8 (7222) 52-22-58
Версия для
слабовидящих

ВАКЦИНА АЛУ – ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті дәрігер-эпидемиолог Омарбеков Едиль Дулатұлымен «COVID-19» вакцинациясы тақырыбында онлайн кездесу өткізді.
Онлайн кездесуге 400-ге жуық профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлім қызметкерлері және студенттер қатысты.
Кездесу барысында вакцина алуға қатысты кеңестер тыңдалды: «Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцина салдыру. Сондықтан әр адам бұл жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарауы керек».
“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды делінген.
Алайда әлемде болып жатқан Covid-19 эпидемиясын тоқтату мақсатында «вакцинация қажет» деп санайды конференция қатысушылары.
Дәрігер-эпидемиолог кімдер вакцина ала алмайды деген сұраққа жауап берді:
– соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса;
– жүкті әйелдерге;
– ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға;
– 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға салынбайды.
Сонымен қатар төмендегідей ауруларға шалдыққан адамдарға абай болу керек:
  • бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары;
  • эндокриндік жүйенің бұзылуы (қант диабеті);
  • қан түзілімі жүйесінің ауыр аурулары;
  • эпилепсия, инсульт және басқа да орталық жүйке жүйесінің аурулары;
  • жүрек-қан тамыр аурулары;
  • иммун тапшылығы;
  • аутоиммунды аурулар;
  • өкпе аурулары, демікпе және өкпенің обструктивті аурулары;
  • метаболиттік синдром мен диабет, аллергиялық реакциялар, атопия мен экзема;
  • қатерлі аурулар, соның ішінде қан аурулары.
Егер дене қызуы 37 градустан жоғары болса, вакцинация кейінге шегеріледі.
Айта кетейік, енді шәкәрімдіктерге вакцина алу үшін арнайы медициналық мекемеге барудың қажеті жоқ. Университет қызметкерлері мен білім алушылары үшін Физкультурная көшесіндегі жатақхана мен №8 оқу ғимаратында медициналық пункттері жұмыс істейтін болады. Екпе салдыруға ниет білдірушілер өз еріктерімен және кезексіз вакцина ала алады.
Наверх